Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2311 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 14:48

Озық технологиялар үлкен көрсеткішке бастады

Жылды қортындысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өту маңызды.

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың га жерге егілген масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады. Бұл Қазақстанның егенмендік алған жылдардан бергі өңір дихандарының жеткен жетістігі деп білеміз.

Мәселен, Қазығұртта 42 мың га жерге егілген астықтан гектарына 26,5 цт, Төле би ауданы 20,6 мың га астықтың әр гектарынан 26 центнерден өнім алса, түлкібастық шаруалар 24,8 мың га алқаптан 25,2 центнерден өнім алған.

Сонымен қатар, облыста дәндік жүгеріні ору науқаны басталып, 40,1 мың гектар жерге егілген жүгерінің бүгінде 3,3 мың га орылды. Оның гектарынан 42,4 цент, барлығы 13,8 мың тонна өнім жиналды. Ал 74 мың гектар жерге егілген мақсарының бүгінде 28,7 мың га орылып, одан 20,1 мың тонна өнім жиналып отыр.

Жалпы алғанда облыста осы жылы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жиналды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2103
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4975
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4201