Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2218 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 15:06

Техника алуға мүмкіндік береді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылшаруашылығына қатысты жаңа заңның ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында елді-мекендерде, облыс орталықтарында арнайы жиындар өткізіп келеді. Сондай жиынның бірі жуырда ОҚО-да өткен болатын. Алқалы жиында «Кооперативке бірігудің шаруалар үшін бір пайдасы: техника мен құрал-жабдық сатып алғанда 30 пайызын мемлекет төлейді.

Мысалы, трактор 10 млн теңгеге бағаланса, оның 30 пайызын яғни, 3 млн теңгесін бюджет өтейді. Қалған 7 млн теңгені төлеу үшін фермер банктен есепшот ашып салады. Бірақ, банк ол 3 млн теңгені не кәсіпкерге, не техниканы әперетін лизингтік компанияға бермей, транзиттік шотты ұстап отырады. Ал, техника жеткізіліп, фермер «техниканы қолыма алдым» деген актіге қол қойған кезде, әлгі шот ашылып, лизингтік компанияға сол фермердің атынан алғашқы жарна ретінде құйылады.

Қазіргі таңда фермерлердің дені техникасыз отыр. Одан қалса, тұқымның жоқтығы, химиялық препараттарға қол жеткізе алмауды қосыңыз. Жердің көбі игерілмей жатыр. Өйткені, фермерлердің ол жерлерді игеруге мүмкіндігі жоқ. Енді жаңа бағдарлама осы олқылықтардың орнын толтырады деген сенім бар», — деді министр.
Еске салсақ, өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына 29,1 млрд теңге бөлініп, 12 бюджеттік бағдарламаға 21,0 млрд теңге субсидия қарастырылды.

Керімбай Керімқұлов,  «Керімқұл» ШҚ төрағасы:
— Ауылды жерлердегі шаруаларға кооперативке бірігу бойынша айтылып жатыр. Бұдан хабарымыз бар. Жаңа шыққан заңмен де таныстық. Дегенмен, бұған әзірге асығыстық танытып отырған жоқпыз. Себебі, 1994 жылдары совхоздар тарқағанда мұндай бірігу мәселесін 
бастан өткіздік. Ол кезде мал, техника, жер де болды. Төраға да сайланды. Тәжірибе болмады ма әлде заңның әлсіздігі ме техника талан-таражға түсіп, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Сондықтан, бірігу мәселесіне құлшыныс танытып отырғандарды байқамадым.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560