Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2335 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 15:00

Субсидия орнына жеңілдетілген несие

Өткен жылы ОҚО да 344,6 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілді. Облыс бойынша егістік жер көлемі ұлғайып, 19,6 мың га суармалы жер қосылды. Ал, жылыжайлардың аумағы 1025 га жеткен. Биыл ауылдағы егістік алқаптарының аумағын тағы да арттырып, өнім өндіру межесін ұлғайту жоспарлануда екен. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы хабарлайды.

Облыстың ауылшаруашылығы саласында жасалып жатқан істерге тоқталған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  маманы: "Кедендік одаққа мүше болдық, көрші облыстарға, алыс-жақын шет мемлекеттерге өнімдерімізді экспорттауға шығаратын болғандықтан, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тоқтап қалмақ емес. Керісінше жалғасын табады" деп атап өтті.

Маман сөзіне сенсек, шаруалардың алаңдауына негіз жоқ екен. Субсидия беру мүлдем тоқтап қалмаған. Тек басымдық дақылдарға ғана берілмейді екен. Өзгеріссіз қалғандары да бар. Бастысы, биылғы егіс науқанында диқандар шаруасын дөңгелетуде төмен пайызбен несие алуға қол жеткізеді. Күні кеше «Казагро» АҚ Ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы Нұрлыбек Малелов көктемгі егіс пен жиын-терімге 60 млрд теңге бюджеттік несие берілетіндігін мәлімдеді.

Яғни, ауылшаруашылық тауарын өндіруші екінші деңгейлі банк арқылы 7,41% мөлшерімен несие ала алады. Екінші деңгейлі банк кепілдігімен шаруа қожалықтарына несиелендіру жылдық 5%-дық мөлшерде жасалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560