Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2857 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:35

Созақта 3130-дан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді

ОҚО да кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың саны тоқтаусыз өсіп келеді деп хабарлайды Абай-ақпарат. Мәслен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында 3130-дан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Аудан көлемінде жыл сайын орта есеппен 270-ке жуық жаңа субъектілер қосылып отырады. Оның ішінде сауда-саттық, қызмет көрсету бағыты басымдау. Ауданда өндіріс аз болғандықтан, орта кәсіпкерлікті дамыту қиындау.

Созақ ауданынан 110 шақырым жерде Түркістан қаласы бар. Оған баратын жол да асфальт. Тұрғындар қажетті заттарының барлығын сол жақтан алып келеді. Сол себепті кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қазатомпром» АҚ-ға қажетті өнімдер өндіруге басымдық беруді қажет деп тапқан. Осы мақсатта ағымдағы жылы 50 гектар жерге индустриалды аймақ ашылыпты. Қазірдің өзінде онда 4 жоба жүзеге асып үлгерген.

Біреуі бөшке шығарса, екіншісі арматураланған құбыр өндіреді. Үшіншісі тұрмысқа қажетті құбыр, тағы біреуі ас тұзын өндіреді. Ауданда тұздың үлкен кен орны бар. Қазір Созақ ауданының елді-мекендерінде тұз өндіру басталды. Ол «Аралтұздан» кем емес. Бесінші жоба — автол, тосол майын құятын бөшке өндіретін зауыт.Соңғы, желтоқсан айынының қортындысына сүйенсек, биылғы жылы 400 миллион теңгеден астам өнім өндіріліпті.

Аталған аудандағы кәсіпорындарда 70-ке жуық адам жұмыс жасауда. Бесінші зауыт іске қосылса, тағы 50 адам жұмыспен қамтылмақ. Болашақта «Қазатомпромның» сыпырғы, щеткасына  дейін Созақ ауданында өндірілетін көрінеді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2678
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 761