Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3256 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:11

«Ордабасы құс» шаруашылығында күркетауық етінің 18 түрлі өнімі шығарылады

ОҚО аудандарының экономикалық-шаруашылық бағыты әртүрлі болып келеді. Кейбір ауылдық округтерде бірнеше зауыттар бар. Мәселен, ОҚО, Ордабасы ауданы, Бадам ауылы  аудандағы ең үлкен ауылдық округ есептеледі. Халқының саны 15400. Өзбекстаннан 400-ден астам отбасы көшіп келіп, қоныстанған. Ауыл әкімі Махмуд Қонысовтың айтуынша, келешекте Бадам индустриалды аймаққа айналмақ. Қазірдің өзінде ауылда үлкенді-кішілі 17 зауыт жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 16 ірі зауыттардың құрылысы жүргізіледі деген жоспар бар. «Бөрте Милка» ЖШС іске қосқалы отырған сиыр фермасындағы жұмыстардың барлығы компьютер арқылы атқарылады. Сиырдың желінін автоматтың өзі тауып, өзі сауады. Егер сиыр ауырып, температурасы көтеріліп тұрған болса, компьютер оны сауудан бас тартады. Сондай-ақ, ауылдық округте бірнеше қыш зауыты бар, нан өнімдерін өндірумен айналысатын «Ордабасы нан» мекемесі жұмыс істейді. Оның белгиялық құрал-жабдықтарымен жабдықталған диірменінен шыққан ұнның сапасы өте жоғары бағаланады. Ол да компьютермен басқарылады. Бір тонна бидайдан қанша кебек, қанша жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн шығатынын дәлме-дәл есептеп береді. Ал бидайды Солтүстік Қазақстаннан тасымалдайды. Аты республикаға танымал «Ордабасы құс» шаруашылығында күркетауық етінің 16-18 түрлі өнімі шығарады. Шұжықтың да қаншама түрі өндіріледі. Өздерінің фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Біз осының барлығын әңгіме ету барысында ауыл әкіміне «осыншама өндіріс орындары бар ауылда жұмыспен қамту мәселесі толығымен шешімін тапқан болар» деген сауал қойдық.

Бізде жұмыссыздық деген проблема жоқ, деді ауылдық округ әкімі Махмуд Қонысов.  — Өйткені осынша өндіріс ошақтары бола тұра тұрғындардың жұмыссыз отыруы мүмкін емес. Әрине, аз қамтылған отбасылар бар, бірақ екі қолға бір күрек таппай сандалып жүрген адамды кездестірмейсіз. Сонысына қарай ауылда қылмыс та аз. Ара-тұра мал ұрлығы болып тұратынын жасыра алмаймыз, бірақ қасақана жасалған қылмыстар жиі орын ала бермейді, - дейді ауыл әкімі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572