Шаруаға артылар үміт мол
Ауылшаруашылығымен айналысатын аудандарға күздің аяғында зор үміт артылады.
Осыған орай Түлкібас ауданы, Ынтымақ ауылында маңызы бар істер үздіксіз атқарылып жатыр. Мұнда «Қызыл жар» ЖШС бар. Бұл серіктестік ауданды асырап отырған шаруа қожалықтарының бірі десе болады. Түлкібас ауданын жұмыс бабымен аралап жүрген жаңа әкім Әуелхан Тұрғымбеков осы шаруа қожалығына бас сұғып, ондағы атқарылып жатқан қызу еңбекке сүсінгенін жасыра алмады. Серіктестік басшысы Н.Мамыров аудан басшысына өз қарамағындағы ұжымның тыныс-тіршілігін баяндап берді. Шаруашылық 2 мың гектар жерге арпа мен бидай егеді. Биылғы жылғы өнім жаман емес, әр гектарына 24 центнерден айналған. Шаруашылықта егіннен бөлек, алма мен жүзім өсіріледі. Жылыжай салған серіктестік одан да тұрақты өнім алып отыр. Мұның бәрі «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатыр. Мемлекет ел бюджетіне салық түсіріп отырған осындай серіктестіктерге өз көмеген беріп келеді. Өз кезегінде мұндай шаруа қожалықтары да мемлекеттің үмітін ақтап келе жатыр десе болғандай.
Жеке кәсіпкер Н.Мамыров қарамағындағы қызметкерлерге және ауыл тұрғындарына үзбей әлеуметтік көмек көрсетіп, аз қамтылған отбасыларына қамқорлық көрсетіп келеді. Қазір серіктестікте 68 адам еңбек етеді. Болашақта мал шаруашылығымен айналысу дв жоспарларында бар. Оған олардың мүмкіндіктері жетеді. Аудан әкімі осындай ірі шаруашылықтардың дами беретінін айтып, кооперацияға бірігу керектігін да атап өтті. Жалпы, Түлкібас ауданы – таулы аудан болғасын, табиғаты өте жайлы. Күз және көктем мезгілдерінде жаңбыр жиі түседі. Сол себепті, мұнда шөп қалың өседі. Құнарлы өңір болғандықтан жыл сайын ауылшаруашылығы өнімдерін де мол береді.
Abai.kz