Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2547 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 11:16

Шымкентте 280 орындық балабақша пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Шымкент қаласында «Қос ана» балабақшасы пайдалануға берілді. Жаңа балабақшада 280 бала 12 топта тәрбиеленеді.

– 280 орынды заман талаптарына сай жаңадан пайдалануға берілген «Қос ана» балабақшасының бүлдіршіндерге есігін айқара ашуы барлығымыз үшін үлкен қуаныш. Осындай тәлім-тәрбие үйін салып берген кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжанұлына облыс басшылығының атынан алғысымды білдіремін. Бұл сіздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына жасаған тартуыңыз деп есептейміз. Үлкен жүрегіңізбен, ата-бабалар ізімен игі істеріңізді жалғастыра беріңіз, – деген облыс әкімі Жансейіт Қарсейітұлы балабақша меңгерушісі Ханшайым Құдайбергенқызына ғимарат кілтін  салтанатты түрде табыс етті.

Ал, кәсіпкер С.Серікжанұлы өз кезегінде жыл сайын бір-бір нысанды іске қосып келе жатқанын жеткізді. Ол сегіз айда балабақшаны салып, пайдалануға берген құрылысшыларға алғысын  айтты. 

Мұнан соң заман талабына сай жабдықталған балабақшаның еңселі ғимаратын көппен бірге аралап көрген облыс басшысы бүлдіршіндердің өнерін  тамашалады. 

«Қос ана» балабақшасында балаларға арналған ойын бөлмесі, балалардың ән шырқап, би билеуіне арналған музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары мен  асханасы бар.

Балалардың бөлмелері таза, әрі ыңғайлы және кең. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері үш тілде яғни  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады. Балабақшаның құрылыс жұмыстарын мердігер «Мұнай құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Әрбір бөлме сол топ балаларының жас ерекшеліктеріне  қарай дайындалған.

Сонымен қатар бөбектер ұйықтайтын бөлмелері мен сапалы білім мен саналы тәрбиеленетін бөлмелері жеке дара. Сондай-ақ бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай ақыл-ойын дамытатын сан алуан ойыншықтар түрімен қамтамасыз етілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576