Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2297 0 пікір 15 Желтоқсан, 2016 сағат 16:51

Боралдайда мал бордақылау жақсы жолға қойылып келеді

Боралдай – Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы ірі ауылдық округтердің бірі саналады. Онда 11580 адам тұрады. «Тұрғындардың негізгі айналысатын кәсібі – егін мен мал шаруашылығы. 24 мың гектардың үстінде егістік жер болса, соның 22 мың гектарына бидай, арпа, мақсары секілді егіс егіледі. Биыл бидай жақсы өнім беріп, гектарына 22 центнерден өнім жиналды. Мал бордақылау да жақсы жолға қойылып келеді. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, тікелей өз кәсібін ашып, айналысып жатқандар бар. Ауыл тұрғындарына жеке кәсіпкерлігін ашуға көмектесіп, түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Биыл 3 миллион теңгеге дейін, мал бордақылау мақсатында 18 адам несие алып, жұмыс жасап жатыр», - дейді Боралдай ауылдық округінің әкімі Айтубек Рахымбетов.

Осы ауылдық округте 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Жел тимес» атты өндірістік кооператив бар. Кооператив төрағасы Гауһарбек Мейірманқұлов оны 20 ағайынды бас біріктіріп құрғандығын айтады. «Негізгі кәсібіміз - егін саласы мен мал шаруашылығы. 500 гектар егістік, тағы осынша жайылымдық жер бар. Техника жеткілікті. Бір отар уақ мал ұстаймыз. Алдағы уақытта мал басын тағы көбейтсек деген жоспарымыз бар. Кооператив мүшелері пай үлестерін алып отырады, ал нақты жұмыс істейтіндер 6 адам. Науқан кезінде уақытша жұмыспен қамтылатындар қатары 15-ке дейін жетеді», - дейді Г.Мейірманқұлов.

Иә, тәуелсіздіктің арқасында өз алдына отау құрған осы секілді шаруашылықтар әр ауылда да кездеседі. Олардың мемлекетке алақан жая бермейғ өз алдарына жұмыс істеп, өздеріне де пайдалы, мемлекетке де тиімді іспен шұғылданып жатқанына алғыстан басқа айтарың болмайды екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5615