Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2809 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 14:07

Шұбатқа қатысты сауал жолдады

«Ашық әкімдік» жобасы ең бірінші кезекте халық игілігі жұмыс істейді. Себебі, бұған дейін халық құжат алуда түрлі кедергілерге тап болып жататын. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Дайын құжатты алу үшін бірнеше күн күтіп қалатын кездерді де болды. Осы олқылықты реттеу үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағыттыған «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарында 5 бағытты халыққа есеп беретін мемлекетті құру деп атады. Бұл бағыт бойынша халық кез-келген уақытта билік орындарынан ақпарат сұрата алады. Және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан оңтайландырылған жолмен және үйде отырып-ақ электронды түрде қағаз-құжаттарын реттеп, ала алады. 94 қадам аясында Оңтүстік Қазақстанда «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асты. Осы жоба аясында облыс әкімі өткізген интернет конференцияда Темірбек есімді ауыл шаруашылығында нәпақа тауып жүрген азамат: «Түйе шаруашылығын жандандыру үшін қандай жұмыстар жасалыну қажет?» деп сауал жолдапты. Бұған облыс әкімі тарапынан:

«Құрметті Темірбек Байтасов! Сіз көтеріп отырған мәселе өте орынды. Болашақта қымыран мен шұбатқа сұраныстың көптігіне байланысты Созақ ауданында түйе шаруашылықтарын асылдандыру жұмыстарын жүргізу заманауи жаңа технологиялар арқылы түйеден алынатын өнімді (қымыран, шұбатты) мол өндіріп, өндіріс орындарын аталған өніммен қамтамасыз етуді қарастыру жұмыстары жүргізілетін болады», - деп жауап берілді. Көп өтпей, әкім берген уәде орындалды. Қазіргі таңда Созақ ауданындағы өндіріс орындары түйеден алынатын өніммен қамтамасыз етілді. 

Алдағы уақытта мұндай интернет конференциялар «Ашық әкімдік» жобасы аясында жиі ұйымдастырылады. Тіпті, конференцияны күтпей-ақ, лауазым иелерінің жеке блогтарына сауалдарыңызды онлайн түрле жолдай аласыз. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618