Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2711 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 13:31

ОҚО-да су тасқыны болу қаупі жоқ

Қазақстанда қауіпсіздік шараларына көп көңіл бөлінуде. Егер, көңіл бөлінбесе, мемлекет қазынасынан бөлінген қыруар қаржыға салынға нысандар су астында қалып кетуі мүмкін. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Міне, осында төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында Оңтүстікте бірқатар шаруалар кезегімен атқарылды. Бұл жайлы «Ашық әкімдік» жобасы аясында Ontustik_derek инстаграм желісіндегі парақша жариялады. Еске сала кетсек, «Ашық әкімдік» - халыққа қызмет көрсетуді оңтайландырып,  әкімдік тарапынан болатын тосқауылдарды жойып, халықпен тығыз жұмыс жасауға негізделді. ОҚО әкімінің тапырмасымен облыста «Ашық әкімдік» жобасы аясында Ontustik_derek парақшасында су тасқының алдын-алу шаралары туралы хабар жарияланды.

Осыған дейінгі жылдардағы тәжірибе мен облыстың ерекшеліктерін ескере отырып, көктемгі су тасқынына қауіпті кезеңге дайындық жұмыстары күзден бастап жүргізілді. 
2015 жылы облыстық төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының өкіміне және Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының бұйрығына сәйкес облыс аумағындағы су қоймалардың жағдайы тексерілген болатын.Тексеру жұмыстарының нәтижесі жөнінде облыс басшыларына, прокуратура және су қоймалардың меншік иелеріне тиісті шаралар қабылдау үшін хабардар етілді. 
Ағымдағы жылдың басынан облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2 отырысы өткізілді. Сондай-ақ, облыстың халқы мен аумағын су тасқынынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы мазмұндағы іс-шаралар жоспарлары облыстың аудандарында да дайындалған және барлық ауданда төтенше жағдайлар комиссиясының отырыстары өткізілді. 
Қазіргі таңда барлық аудандарда су тасқынына қарсы штабтар құрылды, кезекшіліктер ұйымдастырылған. Қазір күз мезгілі. Жауын-шашын көп болады. Сонда өзендердің тасу ықтималдығы жоғары болады. Бірақ, алаңдауға негіз жоқ. ОҚО әкімінің тапсырмасымен өңірімізде алдын-алу шаралары жүзеге асырылды. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636