Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 2155 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 13:29

Оңтүстіктің санитарлық авиациясы шұғыл қызмет көрсетеді

«Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамынында «Ашық үкіметті» енгізу қажеттілігі жайлы айтылған болатын. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бұл қадамды алғаш болып іске асырып, «Ашық әкімдік» жобасын қосты. Осы жоба аясында көптеген жұмыстар атқарылды.  Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Халыққа атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды тез жеткізу мақсатында Ontustik_derek инстаграм парақшасы ашылды.  Осы парақшада «Ашық әкімдік» жобасы аясында халыққа онлайн режимде ақпараттар таратылады.  Парақшада Оңтүстіктегі санавиация жайлы мәлімет жарияланды.

Оңтүстіктің санавиациясы тегін қызмет көрсетеді. 365 шақырту! Бұл — өңірдегі санитарлық аваиация қызметіне жыл басынан бері түскен қоңырау саны. Санитарлық авиацияның қалалық жедел жәрдемнен өзіндік айырмашылығы бар. Орталық мамандары жеке тұлғалардан түскен қоңырауды қабылдамайды. Аймақтағы ауруханалар өтініші бойынша ғана жұмыс істейді. Оның өзінде науқасқа жергілікті жерде көмек көрсету мүмкін болмаса ғана шұғыл топ аттанады. Күніне 10-15 шақыртуға дәрігерлерді аттандыру, жылдам жинау — диспечердің міндеті.

Облыстағы санитарлық авиациялық бөлімде 10 жедел жәрдем көлігі мен бір ұшақ, бір тікұшақ бар. 30 қызметкер қалтқысыз еңбек етеді. Ал келіп түскен шақыртуға тасымал құралын бөлу науқастың диагнозына және қоңырау түскен аумаққа тікелей байланысты.

Әрбір секунды қымбат салада қызмет ететіндерін ұшқыштар да жақсы түсінеді. Сол себепті өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруға тырысады. Күнгейлік санитарлық авиация бөлімі 2015 жылы 4 250 шақырту алған. Оның 30 пайызы әуе тасымалы арқылы жасалса, қалған жетпіс пайызы арнайы көлікпен жеткізілген. Ал 2016 жылдың алғашқы айында 365 науқас санитарлық авиациялық бөлім мамандарының көмегіне жүгінген. Ақ халаттылардың бұл қызметі тегін көрсетіледі.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622