Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 2294 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 16:47

ОҚО-ДА «БАР МЕЙІРІМІМІЗ - БАЛАЛАРҒА!» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» іс-шарасы аясында «Бар мейіріміміз -  балаларға!»  атты қайырымдылық шарасы өтті.

Жиынға қатысқан облыс әкімі үздік  оқу  озаты  болған  10 дарынды оқушыға  және  ерекше білім беруді қажет ететін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыдан шыққан 240 балаға Мемлекет басшысының атынан сый-сияпат тарту етті.

Бүгінгі бала – елдің ертеңгі болашағы деген аймақ басшысы барша жас өрендерді мерейлі мерекемен құттықтап, еліміздің нағыз патриоты болуға шақырды.

«Келешегін ойлаған ел ұрпағының тәрбиесіне айрықша қарауы тиіс. Елбасымыз әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететіндігін және  мемлекет оны қамқорлығына алуы тиістігін атап айтқан болатын. Яғни біз балалардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың барлығын жасауға міндеттіміз. Сондай-ақ, елімізде балалар сапалы білім мен тәрбие алу үшін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған жаңа мектептер салынуда. Бұл Мемлекет басшысының келешек ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін»,-деді әкім.

Мерекелік көңіл-күйде безендірілген Салтанат  сарайында Оңтүстік  Қазақстан  Саз  колледжінің  үрмелі  аспаптар  оркестрі шығармашылық туынды ойнаса, балалар  шығармашылығынан  шағын  көрме  қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздінің  25  жылдығына  арналған   тақырыптық  тақпақтар мен «Жаса  Қазақстан» әніне  флэшмоб ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдық жолында еліміздің жеткен жетістіктерін баяндап, балаларды елжандылыққа баулу, қазақтың рухани ұлттық құндылықтарын,  тарихын, мәдениетін жас ұрпақ арасында насихаттау болып табылады.

Қайырымдылық іс-шарасы облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында өткізіліп, онда 6 мың бала киім-кешекпен қамтылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627