Суға қатысты мәселені 1 күннің ішінде шешті
Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін тек қана экономика саласына мән берген жеткіліксіз. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Сонымен қатар, елімізде сөз бостандығын да дамықан маңызды. Себебі, сөз бостандығы болған жерде демократия орнайды. Дамыған елдерде демократия толықтай үстемдік етеді. Демократия деген не? Демократия бұл халық билігі. Яғни, халық әкімдік, басқарма жұмыстарына араласа алу керек. Сонымен қатар, оларға ешқандай тосқауылсыз, кедергісіз талап-тілектерін айта білгені де зор рөл ойнайды. Міне, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 5 бағытында халыққа есеп беретін үкіметті құру қажеттігін айтып өтті. 94 қадам «Ашық үкіметті» енгізу бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы іске асты. Енді тұрғындар әкімдікпен ешқандай кедергісіз байланыса алады. Бұл екі жаққа да тиімді. Халыққа да, басшылық жасайтын мекемелерге де. Яғни, басшылық байқамаған жайтты тұрғын байқап, оны фото, бейнеге түсіріп, әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларына, түрлі байланыс қызметтеріне жібере алады. Бұған әкімдіктің арнайы мамандары сараптама жасап, тұрғынға жауап береді.
Таяуда бірыңғай «Ашық әкімдік» жобасы бойынша байланыс орталығына (тел. 39-55-55) Әл-Фараби ауданына қарасты Қабанбай батыр көшесінің тұрғындары хабарласқан болатын. Онда №14 үй тұрғындары су өлшегіш құралы орналасқан қораптан көп мөлшерде ауыз судың ағып жатқандығына шағымданған. Аталған мәселе 1 күн ішінде өз шешімін тапты. Нәтижесінде Шымкент қаласының «Cу ресурстар- Маркетинг» ЖШС мекемесінің мамандары шұғыл түрде су бұрандасын ауыстырып, ақауды қалпына келтірді.
Абай ақпарат