Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2547 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:37

Жеке кабинет жаңартылды

Оңтүстік Қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық! www.egov.kz электрондық үкімет порталының пайдаланушыларына Жеке кабинеттің жаңа нұсқасы қолжетімді болды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Енді кабинетте бұдан да артық мәліметтер және пайдалы сервистер бар.Осылайша, пайдаланушыға әр түрлі мемлекеттік деректер қорларынан дербес ақпарат қолжетімді болады, мысалы: әкімшілік айыппұлдар, тұрғын-үйге кезек, некеге тұру, баланы туу туралы және басқа да ақпарат график түрінде беріледі. Ыңғайлылық үшін Жеке кабинеттен мемлекеттік органдар басшыларының блог-платформасына, «Азаматтардың өтініші», «ХҚКО кезекті брондау» және қызметтерді алу тарихына өту жүзеге асырылған.

Дербес мәліметтерді қорғау мақсатында барлық пайдаланушылар үшінавторлану әдісіне байланысты қолжетімділікті бөлу енгізіледі. Дербес деректерге толық тек электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен авторлану кезінде қол жеткізуге болады, ал логин пен құпия сөз бойынша тек жартылай ғана.eGov-та заңды тұлғалар үшін де жеке кабинет пайда болды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен компания туралы мәліметті қарауға мүмкіндік береді. Бұл ретте компания басшысы басқа қызметкерлерге қол жеткізу құқығын ажырата алады.Сонымен қатар қорғалған электрондық сақтау орнын қарастырылған, мұнда кейбір құжаттардың көшірмелерін жүктеуге болады. Болашақта еGov порталында қызметтерді алу кезінде олар әрқашан қоластыңызда болады.Бұдан басқа, Жеке кабинетте мобильдік телефонды жоғалту жағдайында SIM-картадағы ЭЦҚ-ны өз бетінше бұғаттау және тапқан кезде бұғаттан шығару мүмкіндігі пайда болды.

Сонымен қатар пайланушының жеке кабинетіне әр түрлі хабарламалар келетін болады. Мысалы, сот үдерісіне қатысуы немесе мемлекеттік қызмет үшін ақының бюджетке түсуі туралы. Азамат «Ашық үкімет» порталының жаңартылуы туралы да хабардар болады. Сондай-ақ, жеке кабинет адам өмірінің негізгі оқиғаларын (баланың тууы, неке, зейнетақыға шығу және т.б) қадағалайды да, әрбір өмірлік жағдайға байланысты мүмкін болатын қызықты және керекті мемлекеттік қызметтерді ұсынады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594