Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3324 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:06

Арыста қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Жуырда Арыстағы кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Кеңес отырысына Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов, қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашты.
Кеңес төрғасы өткен кеңес отырысында берілген ұсыныстардың орындалу барысына тоқталып, мәлімдеме жасады.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес: Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалу барысы туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің орынбасары А.Кайпекова, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Н.Еркебаев және аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің қысқы жылу маусымына дайындықтары туралы аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері Е.Батырбеков пен Е.Әлімбековтырдың баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Сонымен қатар, алқалы жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

Айт кетейік, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-ші қадамындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қабылданған «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңында халыққа бюджет туралы мәліметтерді ашық түрде жариялау, талқылау міндеттелген. Аталған заңда сондай-ақ, атқарушы органдарға нақты ұсыныстар беретін қоғамдық кеңестердің жұмысын жариялы түрде жүргізу қажеттігі айтылған.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1340
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2913
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 991
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 925