Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2258 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:04

Куәлік алу жеңілдеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамында халыққа есеп беретін үкімет құру керектігі, сол үшін «Ашық үкіметті» енгізу жоспары бекітілді. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 Бұл қадам бойынша республикадағы барлық әкімдіктер, басқармалар, түрлі жоғары лауазымды басшылар істеген істері жөнінде түрлі мерзім аралығында халыққа есеп беріп, пікір алмасып отырғаны жөн. Бұл жерде басты мақсат – жариялық. Халық бәрін білуі керек. Жасыруға болмайды. Әрі олар ақпаратқа оңай қол жеткізіп, жұмыстарын тез бітіргені маңызды. Бұл қадамдағы тапсырманы Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде бірінші болып жүзеге асырып, «Ашық әкімдік» жобасын жүзеге асырды.

«Ашық әкімдік» жобасы аясында Шымкентте мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы қыза түскен. Пилоттық жоба биыл тамыз айында қолға алынған еді. Енді өңір тұрғындары әр мекеменің табалдырығын тоздырмай, осында көлікті рәсімдеп, оған қоса жүргізуші куәлігін де ала алады. Түрлі анықтамалардан бастап наркологиялық диспансерден емтихан тапсыруға дейінгі барлық шаралар осы мамандандырылған орталықта жасалады.

Достық шағын ауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет көрсете бастағанына екі ай болған. Осы қысқа мерзімде бюджетке қомақты қаржы түсіпті. Мұнда парақорлыққа тосқауыл қою мақсатында қызмет түрлері заң шеңберінде көрсетіледі. Көлік жүргізушісі Үмбетбай Қадырқұлов мамандандырылға норталықтың жұмысына риза, қызметкерлер оның көлік куәлігін бір сәтте рәсімдеді.

Көлікті рәсімдеуден бөлек мұнда көлік куәлігінде алуға болады. Және көлікті басқаруды үйде үйренгендердің де құжатты осында алуына мүмкіндік жасалған. Емтиханды тапсырған бойда көлікті айдаудың қыр-сырын осындағы арнайы макет арқылы, сосын мамандандырылған орталықтың аумағында орналасқан автодромда тәжірибе жинақтайды. Көлік жүргізушілері енді наркологиялық диспансерді іздеп сабылмайды, мамандар осы жерде қабылдап тиісті анықтаманы береді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584