Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2006 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:02

Қазақстанда 267 ХҚКО бар

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында құрылған "Ашық әкімдік" жобасы шеңберінде ОҚО-да бірнеше құжаттарды алу оңайға түсуде. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Атап айтқанда "Болашақ" халықаралық стипендиясының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-нан алуға болады. Аталған анықтаманы алу үшін азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажетті өтініштерді толтыруы тиіс. 

Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзі келе алмаса, қызметті алуға жүгінген өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат керек. «ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, енді «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Астана тұрғындары үшін 1 жұмыс күнін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа өңірлердің тұрғындары үшін – күнтізбелік 15 күнді (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады. А

йта кетейік,  бүгінгі күні Қазақстанда 191 мемлекеттік қызметті көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда. Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетілді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588