Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6742 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:49

Мүгедек балаларға жеңілдік көп

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде.

Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады. Мұндай қызметті ОҚО-ның ХҚКО-лары «Ашық әкімдік» қызметі аясында қолға алды.  

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі. Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз: сәйкес нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат; тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы); психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; мүгедектігі туралы анықтама; банктегі шоттың болуы туралы құжат; сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: ҚКО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде; Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттікқызметтеркөрсетумәселелеріжөніндегіақпаратты – 1414 нөміріненбілсеңізболады.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1325
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2902
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 984
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 915