Үйде отырып-ақ құжат рәсімдеуге болады
Мекенжай әлеуметтік көмекті алушының мәртебесін растау қажеттілігі жағдайында, енді Оңтүстік өңірінің тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша әкімшілікке, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі немесе жақын маңдағы ХҚКО-ға жүгінуіне болады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Егер де Сізге ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті алу ыңғайлы болса, онда мамандар мына қарапайым ережелерді біле жүруге кеңес береді.
Бірінші кезекте, әрбір мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу барысына қажетті ХҚКО инспекторына жеке куәлігіңізді ұсынып өтініш толтыру қажет. Дайын анықтаманы алу үшін, өтініш бергеннен кейін 4 жұмыс күн ішінде келуге болады. Аталған қызмет түрі ақысыз негізде жасалады. Азаматтарды қабылдау «Бірыңғай электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асады. ХҚКО-ның барлық бөлімдері түскі үзіліссіз, дүйсенбі және сенбі аралығында 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасайтындығын ескертеміз. Электрондық анықтаманы алу үшін ХҚКО –ға жүгіну міндетті емес, оларды өздігінен Электрондық Үкімет порталынан үйде отырып алуға болады.
Портал арқылы Е-қызметті өздігінен алу үшін азаматқа электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Электрондық цифрлық қолтаңба - өз компьютеріңізден Электрондық Үкімет порталы арқылы барлық қызметтерді алуға болатын, өз қолымызбен қойылған қолтаңбаның үйлестігі. ЭЦҚ екі тәсілмен алуға болады.
Бірінші тәсіл-жақын маңдағы ХҚКО бөлімі арқылы жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жаздыру. Екінші тәсілі-өздігінен ҚР ҰКО pki.gov.kz әлеуметтік желісіне онлайн-өтінішті рәсімдеу қажет. Рәсімдеуге жолданған өтінішті өз компьютеріңіздің жұмыс үстеліне сақтап, растау үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет. Бұл үдеріс ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасалынады. ЭЦҚ күшінің мерзімі 1 жыл және ақысыз негізде жасалынады.
Абай ақпарат