Тамшылатып суару әдісімен зор нәтижеге қол жеткізді
Оңтүстік Қазақстан облысында облыс әкімінің қадағалауымен шапшаң түрде жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы аясында Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі Арыс қаласының Тәуелсіздік жылдардағы жетістігін халық назарына ұсынды. Осы арқылы аудан тұрғындарымен қатар, өзге де өңірлердегі азаматтарға халықтық бақылау жасауға мүмкіндік туды.
Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздікті жариялау бар, бірақ сол Тәуелсіздікті сақтап қалу, оны нығайту одан да қиын. Біз сақтап та қалдық, экономикасын тұрақтандырып, нығайтып, дүниежүзіне сыйлы мемлекет бола да білдік». Тәуелсіздіктің бәрімізге артар міндеті мол. Әулетіміздің асуы да дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда деген болатын.
Биыл Арыс қаласының ауыл шаруашылық саласының еңбеккерлері 21 мың 330 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Оның 900 гектары тамшылатып суғару әдісімен егілді, 3,2 гектар жерге жылыжай салынып пайдаланылуда және 41 дана ауылшаруашылық техникаларын алды. Жылдың қорытындысы бойынша 6670 гектардан 13801 тонна бидай, 100 гектардан 50 тонна арпа, қажетті 162 мың тонна орнына 173 мың тонна мал азығы, 2 мың 905 гектардан 12 мың 820 тонна жүгері дәні, 203 гектардан 395 тонна мақта, 2 мың 441 гектардан 721 тонна мақсары, 82 гектардан 1697 тонна картоп, 5 мың 239 гектардан 147 мың тонна бақша дақылдары және 612 гектардан 18298 тонна көкөніс жинап алынса, 4216 гектар жер айдалып, оның 2000 гектарына күздік егіс егілді. Егін егу жұмыстары жалғасуда.
Абай ақпарат