Берешегіңізді оңай жолмен төлеңіз
Оңтүстік Қазақстан облысында халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда. Елбасының «100 нақты» қадам Ұлт жоспарындағы «Ашық үкімет» жобасы аясында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында өңірде «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі.
Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов бір сөзінде алдағы уақытта жоба аясында түрлі төлемдерді онлайн төлеуге мүмкіндік жасаймыз деген болатын. Міне, осы тапсырмаға орай енді өсімпұлды, айыппұлды, салық берешегін онлайн төлеуге жол ашылып отыр. Ол үшін порталда өтінімде салық түрін, салық органын таңдау (салық салынатын объектіні тіркеу орны бойынша) және төлемді тағайындау, сондай-ақ салық кезеңін және төленуге жататын соманы көрсету (өсімпұл мөлшері дербес есептеледі) қажет. Онлайн төлемдердің ұсынылған тәсілдердің бірін таңдау (төменнен қараңыз). Төлем картасының мәліметтерін енгізу: нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код (бірінші тәсілді таңдауда). Жеке кабинетте төлем туралы чекпен танысу. Қажеттілігі болғанда сіз салық төлемі айғағын растау үшін басып шығарылған чекті Салық комитетінде ұсынуға болады. Сізге қолайлығына қарай төлемді ұсынылған нұсқалардың бірімен жүргізе аласыз. Барлық банктердің VISA, VISA Electron, MasterCard, Maestro төлем карталарының көмегімен төлеу, American Express тек «Казкоммерцбанк» АҚ клиенттері үшін ғана, Altyn тек «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ клиенттері үшін.
Халыққа қол жетімділікті ұсыну «Ашық әкімдік» жобасының қағидасы болып қала бермек.
Абай ақпарат