Шаруа қожалықтары бірігіп кооператив құрды
"Шаруа қожалықтарының күш біріктіруі, түсетін өнім көлемінің еселенуіне де жол ашады" дейді "Интер" АШӨК төрағасы Бердалиев Турсынбай Мухтарұлы. Ол бүгінгі күні 4320 гектар жері бар бірнеше шаруа қожалықтарын біріктіріп кооператив құрып отыр. айта кетер жайт олар бірігіп қана қоймай 4000 нан астам гектар жерді алдағы уақытта тиімді игеру жұмыстарын да бірігіп атқаруда.
Мақтарал ауданы бойынша жалпы шаруа қожалықтарының саны 200-ден астам болса, олардың бірқатары бірігу нәтижесінде, жұмыс күшін де арттыруға қол жеткізіп отыр. Олар "Біздің шаруа қожалықта бірнеше отбасының жері бар. Жеке шаруа қожалығы болып тұрған кезде инвесторлар табу қиын болды. Егін еге алмай қалу қаупі туындаған кездер де болды, — дейді күш біріктірген шаруалар. Қазір бірігіп, бір ұжымға айналған кооператив мүшелері тұқымымыз бен жерімізді, техникамызды дайындап, каналымызды тазартып мол өнім алудың, жерді дұрыс игерудің қыр сырын а қанығып жатырмыз дейді. Сонымен қатар, шаруа қожалығының басшылары олар бірігіп, күшейгелі бері мемлекеттің қолдауын сезініп жатқанын айтады. Жеңілдетілген несие алуларына, субсидия көлемін де арттыруға мүмкіндік туып отырғанын жасырмайды. Демек, ұсақ шаруа қожалықтары бірігу арқылы мәселесін шеше алатынына көз жеткізген.
Жалпы Оңтүстіктің әр ауданындағы шаруа қожалықтары жүздеп саналады. Олардың көбеюімен бірге жергілікті жерде жұмыс көздері де көбейгенін айта кеткен жөн.
Abai.kz