Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2614 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:40

Жылыжай егушілерге мемлекет көмек береді

Елбасы тапсырмасымен бекітілген азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын жүзеге асырудың бір тетігі тұтыну рынонгындағы көкөніс бағасын реттеу болып табылады. Жыл он екі ай көкөніске қолжетімділікті қалыптастыру үшін жергілікті жерде жылыжайлар жұмысы жандануы тиіс. Осы орайда соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында жылыжайлар саны жыл санап артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылдық округінен жеке кәсіпкер Айтбаева Әсем 0,14 гектар жерге жылыжай құрылысын салып, биылғы жылы өнімнің түсімділігі 0,06 центнер құраған. Ал осы ауданның Шұбарсу ауылдық округі бойынша жеке кәсіпкер Жаутікова Мәншүк жылыжайда көкөніс өндіруден үздік көрсеткішке жеткені үшін жақында аудан көлемінде марапатталды. 

Жоғарыда аталған екі жылыжайда бүгіндері өңірімізге төмендетілген бағамен өз өнімдерін ұсынып отыр. Мемлекет соңғы жылдары жылыжай егушілерге, оның ішінде тамшылатып суару технологиясын пайдаланғандарға субсидия беруді қолға алып жатыр. Сондықтан жаңа технологияларды қолдану жылыжайда көкөніс өсірушілердің негізгі мақсаттарының бірі болып отыр. Айта кетер жайт жылыжайға көкөніс өсіру технологиясы далаға қарықтап егу технологиясымен мүлде қабыспайды. Қазіргі уақытта жылыжайға арналған заманауи құрылыс материалдары да көбейіп келеді. Бұрындары жылыжай әйнекпен жабылатын. Қазір осы әйнекті алмастыратын мықты пленкалар шығуда. Өңірдегі шаруалар жылыжайға қатысты мұндай артықшылықтарды да қалдырмай, жаңа технологияларды қолдануға көңіл бөліп отыр. Бүгінде жерді тиімді игерудің бір мақсаты жылыжайлар санын көбейту болып отырғанын ескерсек, шаруалардың бұл мақсаты орынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566