Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2237 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:28

Оңтүстіктің өнімдері зор сұранысқа ие

Қит етсе қытайдың алмасы мен шетел асып келетін гендік модификацияланған жеміс жидекті талғажу етеміз деп дабыл қағып жүргенімізде Оңтүстіктік шаруалардың рекордтық деңгейдегі өнім алып, жерді тиімді игеріп, ауылшаруашылығы саласына жан бітіріп жатқаны еліміз үшін үлкен жетістік болып отыр. Экспортқа тосқауыл қоюдан бұрын дәл қазіргі таңда халқымызды табиғи өнімдермен қамтамасыз етудің пайдасы мол.

Осы орайда жеміс жидек аздау өндірілетін облыстарға күнгейде өсіріліген өзіміздің жеміс-жидек, көкөністерімізді жеткізіп, нарықтағы өнімдердің бағасын арзандатуға да мүмкіндік туып тұр. Басқа кезеңді айтпағанда жәрмеңке кезінде Оңтүстіктен Елордалықтарға алып келген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құраған. Арзандығын айтпағанда табиғи, өзімізде өндірілген өнімдер халықтың үлкен сұранысын тудырған. Жалпы айтқанда көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы мен 5 тонна кептірілген жеміс 15 тонна басқа да өнімдер бар. Екі күнге жалғасатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам өңірдің тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін астаналық тұрғындарға ұсынған. Жәрмеңкеге жергілікті халық та, шаруалар да ризашылықтарын білдірді. Тек келешекте жәрмеңке кезінде ғана емес, тұрақты түрде оңтүстіктік өнімдер халыққа қолжетімді болса нұр үстіне нұр болар еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543