Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3498 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:03

Сортаң жерді игеру қолға алынды

«Оңтүстік - Батыс» ғылыми зерттеу институтының мамандары Отырар ауданындағы сортаңданған жерлерді игеру ісін қолға алып отыр. Жоба аясында аталмыш ауданның 110 гектар жеріне осыдан 1 жыл бұрын өсімдіктің 8 түрін еккен болатын. Нәтиже көңіл қуантады.

Облыста 1 миллиион 300 гектар жер сортаңданып біткен, деп жазады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл сала мамандарының алаңдатушылығын тудыруда. Сондықтан да Ызакөл ауылындағы «Фасо» шаруа қожалығының 110 гектар жеріне мемлекет тарапынан сексеуіл, изен, кереуік пен қараматау және чагон өсімдіктері егіліп отыр. Мақсат айқын. Жайылым жердің көлемін арттырып, мал азығын молайту қажет.

«Оңтүстік-Батыс» ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Талғат Ибрагимовтың айтуынша қазір нәтиже алынған. Сексеуілдің өзі 50-60 см-ге дейін өскен. Бұл өсімдіктер ертең өсіп, жан-жаққа желмен тарайды. Сөйтіп, осы аймақтың барлығына жайлайды. Енді осы жолы қардың үстіне қарамтау мен чагонды екпек. 110 гектар жерді қоршап, мал өтіп кетуінен сақтай отырып егіп отырмақ. Бүгінде 800 келі өсімдік ұрығы сатып алынды. Мамандар сексеуілдің «Жансая» сұрпы мен кереуіктің «Сән» түрін өздері өндіруге кіріскен. Бұған жергілікті шаруалар қуанып отыр. Облыс әкімдігі мен жергілікті ауыл шаруашылығы бөлімі мақұлдаған жоба алдымен Арыс және Ордабасы аудандарында бастау алған. Қазір міне, Отырар топырағында қарқын алды. Тиімділігі жоғары жобаны өзге аудандарға да енгізу жоспарда бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543