Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2492 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 10:56

Көкөніс көшеттері отырғызыла бастайды

Оңтүстік өңірлердегі жылыжайларда қаңтар айның соңы мен ақпан айларында ерте пісетін көкөністердің көшеттері отырғызыла бастайды. Осындай жылыжайлардың бірі күнгейдегі мақтаарал ауданында орналасқан. Күнтізбе бойынша қыс мезгілі болса да ең алдымен арнайы пленкалардың астына бірінші болып қырыққабат отырғызылады.

Мақтааралдың жылыжайында отырғызылған көкөністер, оның ішінде қырыққабат сәуір айында-ақ алғашқы өнімін бере бастайды, оның бірі келісі 250 теңге шамасында болады. Мақсат Шайдаров жылыжайда көкөністер өсіруді әкесінен үйренген. Ол жылыжайға қыста көкөністер отырғызып, көтемде өнім алған соң, бірден қауын-қарбыз егуге кіріседі. Ол жылда жақсы алудан үсміттінеді және кісіпкерді үміті ақталып та жүр.

Көктем шыға алқаптарға отырғызылатын көшеттерді де сатып алмай, өздері жылыжайда өсіріп, шығынды азайтуға тырысатын кәсіпкерлер өз істеріне көңілдері толады. Кәсіпкерлердің айтуынша алдыңғы жылы қыс қатты болғандықтан қырыққабаттың алғашқы өнімі тек мамыр айында басқа облыстарға жөнелтіле бастады, ал былтырғы жылы сәуір айында-ақ алғашқы өнім алған кәсіпкерлер біршама ауданды және солтүстік облыстарды өз өнімдерімен қамтамасыз еткенін айтады. Олар биылғы жылы да көкөністерден ерте көктемде өнім алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкерлердің бірі Исмаил Сайфатов биыл 24 соттық жерге болгар бұрышын отырғызған.

Ол бұрын тек мақта егумен айналысса, енді міне, көкөніс егуді де табыс көзіне айналдырып отыр. Жылыжайдан жақсы өнім алғалы соңғы 4-5 жылда оның өзі де, отбасы да тоқ екенін, еңбек еткен адамның қалтасынан қаржы үзілмейтінін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543