Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3000 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 19:00

Сарыағаш ауданы шаруашылыққа ыңғайлы

Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының ең iрi аудандарының бiрi болып саналады. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 250,3 мыңнан астам халық тұрады. 

Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді. Суы мол ауданның ылғалы да мол болатыны белгілі. Ал ылғалы мол өңірдің егінінің түсімі мол. Сондықтан Сарығаш ауданы егістік егуге соңғы жылдары ерекше көңіл бөліп келеді. Жылыжайымен еліміздің көшін бастайтын Сарыағашта бау өсіру де қолға алынған. Осындағы «Сарыағаш жер сыйы» серіктестігінің жұмысы үлгі тұтарлықтай. Мұнда жеміс ағаштарының көшеттері соңғы технологиямен өсіріледі. Өңірдің ғана емес, елдің шаруа қожалықтарын жергілікті жерге бейім жеміс-жидек көшеттерімен қамтуда еңбек етуде. Күзгі жиын-терім аяқталысымен «Сарығаш жер сыйы» ЖШС-нің жұмысшылары көктемге жүзімдік көшеттерін әзірлеуге кіріскен. Сапаркүл Елемесованың шаруашылықта еңбек еткеніне 4 жыл болыпты. Осы мерзім ішінде жеміс ағаштарын баптаудың қыр-сырын меңгергенін айтады.

Серіктестікке тиесілі 95 гектар жер алқабында жоғары өнім беретін жеміс көшеттерінен бөлек Оңтүстік климатына енді бейімделіп келе жатқан нартас, киви, банан сияқты субтропикалық жеміс-жидек көшеттері де бар. Шаруашылық бүгінде көшетпен Сарыағаш ауданын ғана емес, Оңтүстік өңірін толық қамтуға мүмкіндігі бар. Сайрам ауданынан келген шаруалар жүзім өсірумен айналыспақ. Тәжірибелі бағбанның кеңестері шаруашылықты дұрыс жүргізуге пайдасы болатынына қарабұлақтықтар сенімді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543