Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 10:55

Алматыда құны 300 миллиардты құрайтын меморандумға қол қойылды

Кеше Алматыда «Almaty invest-2016» халықаралық экономикалық форумы аясында жалпы сомасы 300 миллиард теңгені құрайтын меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Абай ақпарат» порталы.

Дәлірек айтсақ, «Almaty invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында құны 300 млрд теңгені құрайтын 53 меморандумға қол қойылды. Алматы әкімдігі таратқан ресми мәліметтерге сүйенсек,  аталған халықаралық экономикалық форумға қазақстандық және шетелдік инвесторлар қатысқан.

Шара аясында 53 жобаға инвестиция тарту мәселелері талқыланып, Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін көтеру, ОА-дағы экономикалық орталыққа айналдыру жайлары сөз болған. Экономикалық форумның негізгі модераторы UBS  «Asset Management» стратегиялар және жаһандық нарықтар бойынша басшысы Массимилиано Кастелии мырза болды.

Форум биыл бірінші мәрте ұйымдастырылып отырған жоқ. Дәстүрлі түрде Алматы төрінде өткізілетін инвестициялық форумға биыл да мұрындық болған Алматы қаласы әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінде Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Almaty invest-2016» форумы өтіп жатыр. Халықаралық экономикалық жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек, ҚР ҰБ төрағасы Данияр Ақышев, UBS  Asset Management стратегиялар және жаһандық нарықтар бойынша басшысы Массимилиано Кастелии мен Sanlas hoiding компаниясының негізін қалаушы Гюнтер Небель секілді сарапшылар қатысуда. Жалпы форумға беделді саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес көшбасшылары, инвестициялық корпорациялар басшылары, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардан барлығы 500-ге тарта жоғары қызметтердегі мамандар келді. Форумда сауда және қызмет көрсету саласы, тамақ өнеркәсібі, іскерлік туризм, мемлекеттік-жеке серіктестік және индустриалдық даму секілді 5 басым бағыт бойынша Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520