Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2085 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 10:37

470 мың тонна дақыл жиналды

Биылғы жыл Оңтүстік Қазақстан облысы үшін берекелі жыл болды. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы хабарлайды.

Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың га жерге егілген масақты дәнді дақылдың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады. Мәселен, Қазығұртта 42 мың га жерге егілген астықтан гектарына 26,5 цт, Төле би ауданы 20,6 мың га астықтың әр гектарынан 26 центнерден өнім алса, түлкібастық шаруалар 24,8 мың га алқаптан 25,2 центнерден өнім алған. Сонымен қатар, облыста дәндік жүгеріні ору науқаны басталып, 40,1 мың гектар жерге егілген жүгерінің бүгінде 3,3 мың га орылды. Оның гектарынан 42,4 цент, барлығы 13,8 мың тонна өнім жиналды. Ал 74 мың гектар жерге егілген мақсарының бүгінде 28,7 мың га орылып, одан 20,1 мың тонна өнім жиналып отыр. Алдын ала есеп бойынша диқандар әр гектардан 7 центнерден, жалпы 52 мың тонна өнім жинауды жоспарлауда. Бұл бұл өңір үшін үлкен жетістік болып отыр. Жалпы алғанда облыста осы жылы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Айта кетер жайт күнгейдегі дихандар бұл жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Алдағы жылы егілетін егіс көлемін де, өнімді де еселеп арттыру жайлы жоспары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520