Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2475 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 18:38

Биыл 2,2 млн. тонна өнім жиналды

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында мол өнім жиналып, шаруаның көңілі жайланып тұр. Алма мен жүзім жинаудың өзінен де облыс жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Нақты деректерге сүйенер болсақ, облыста егіс көлемі соңғы төрт жылда 130 мың гектарға артып, 772 мың гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 мың гектарға артты деген сөз.

Атап айтар болсақ, мал азықтық дақылдардың да көлемі артқан. Егіс көлемін әртараптандырудың нәтижесінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал азықтық дақылдардың көлемін ұлғайтуға басымдық берілуде. Биыл көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 2,2 млн. тонна өнім жиналды. Кеңес дәуірі кезінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көлемі 26 мың гектар болса, бүгінгі күні 29 мың гектарды құрап, 163 мың тонна өнім жиналды. 

Биылғы жылы терең қопсыту технологиясымен мақта дақылы 13 мың гектарға егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға ұлғайды. Облыста тамшылатып суғару әдісі де тиімді жүзеге асып келеді. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда, тамшылатып суғару әдісімен 25 мың гектар жер пайдаланылуда. Облыста жылыжайлар көлемі алдыңғы жылдарға қарағанда, 6 есеге артып, 720 гектарға жетті. Бұл жылыжайлар есебінен бүгінгі күнге дейін 130 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді. 

Шаруаның ала жаздай атқарған еңбектері мен төккен тері ақталды. Еңбек озаттары мен шаруалар да сый-сияпаттан құр қалмады.Ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктер әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522