Рекорд сыры: Жаңа техника – жетістіктің кепілі
Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы саласына көңіл бөліп, жердің барлық жағдайын жасауға, мол өнім алуға барынша кіріскен. Соның дәлелі биыл көктемгі мезгілде-ақ Оңтүстікте жер өңдеуге жаңа техникалар сатып алынған болатын. Демек жыл аяғында рекордты өнім жинауға көктемгі мезгілде-ақ дайындық жасалған.
«АгромашХолдинг» АҚ Trade-In науқанының арқасында ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер жүзден астам жер өңдейтін ескiрген техникасын 2016 жылғы егiндi жинауға қатысатын өнiмдiлiгi жоғары және аса тиiмдi комбайндарға ауыстырған.
Негізі ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер астық жинайтын техниканы таңдаған кезде қателеспеуге тырысады. Өйткенi, үмiттерiнiң ақталып, ұзақ уақыт пайдаланылатын техникаға ие болғысы келедi. Агро құрылымдардың көбiсiн де комбайндардың техникалық паркiнiң жағдайы мүшкiл: ондағы техника ескiрген, тиiмдiлiгi төмендеген және шығыны молайып барады. Сондықтан егiншiлер ауыл шаруашылығы техникасын таңдау кезiнде оны барынша жаңарту және оның пайдалану мерзiмiн ұзарту мақсатында заман талабына сай үрдiстердi қолдануға тырысады. Фермерлер машиналарды әбден тексерiп, сыннан өткiзедi. Сондай-ақ, оларға және сервистiк қызмет көрсететiн орынның болуы туралы әуестiк бiлдiредi. Соңғы фактор өте ерекше. Өйткенi машина қандай мықты және сенiмдi болса да мамандардың араласуы мен мерзiмдiк көмегiн талап ететiн жағдайлардың туындауы әбден мүмкiн. Дәл осындай кiсi қызықтыратын науқанды «Агромаш Холдинг» АҚ iске қосты. МұндағыTrade-In жобасы техника өткiзудiң табысты нәтижелерiн көрсеттi. Мемлекет тарапынан ұйымдастырылып отырған мұндай науқандар дихандарға үлкен көмек болып отырғанын айта кету керек.
Abai.kz