Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2393 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 17:36

Түлкібас шаруалары жылды табысты аяқтады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы мол өнім алып, жылды табысты аяқтаса, оған осы өңірдегі әрбір ауданның өз үлесі бар. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір ауданы жерді бос жатқызбай, тиімді игеріп, мол өнім алуға тырысып, тіпті аудандар өзара жарысқа түсіп отыр деуге болады.

Бұл туралы жақында ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков мырза да мәлімдеме жасады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, Түлкібас ауданында 1991-2016 жылдары әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, ауданда кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға өркендеп келеді. Осынау 25 жылдың ішінде Түлкібас ауданы көл-көсір табысқа жеткен. Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны 2961 бірлікті құраған.

«Түлкібас ауданы табиғаты тамаша туристік аймаққа жататындықтан ауданға инвестиция тарту мәселесінде жобаның Түлкібастың климатын бұзбайтындай қауіпсіз болуын қатаң қадағалаймыз. Яғни, біздің ауданда орналасып, жұмысын бастайтын өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, терең өңдеу, мал бордақылау, етті өңдеу сынды зиянсыз кәсіп түрлерімен айналысатын болады», - деді өз сөзінде аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков. Мұнан бөлек табиғаты тамаша өңірдің, құнарлы жерін пайдалануға да барынша көңіл бөлініп келеді. 

Мұнан бөлек, ауданның жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теңге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475