Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3512 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 18:41

Мақта өндірісінің маркетингін қалыптастыру қажет

 

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді салыстыра келгенде, өсімдік шаруашылығында ең үлкен үлестің пайызы мақтаға келеді. Бұл өңірдегі халық мақта өсіруге дағдыландықтан, ауыл шаруашылығымен шұғылданатын ауылдардың барлығы мақта өсірумен айналасады. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мақталық егістік аймақтарды ұлғайту жүргізілді. ОҚО-ның статистикалық орталығының мәліметіне сүйенсек 2002 жылы азғантай қысқарту жүргізілді. Ал 2003 жылы мақта өсіретін егістік алқабы 199,9 мың гектарға қайтадан ұлғайды. Қазіргі уақытта әр жылы мақта алқаптарының жер көлемдерінің ұлғайғанын көре аламыз.

Оңтүстік өңіріндегі жергілікті халықтың ауыларуашылық өнімі мақта болғандықтан үкімет тарапынан және атқарушы жергілікті әкімшіліктердің маңызды міндеттерінің бірі өндірісті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін пайдалануға ұмтылу қажет. Осыған байланысты олар өңірдің маркетингі бойынша мынандай бағыттары қамтитын жеке іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет.

• өңірдің брендін қалыптастыру және ілгерілету-инвестициялық маркетинг;

• өңірдің ақпараттық саясаты;

• өңірдің брендін қалыптастыру және ілгерілету;

Өңірдің стартегиялық ресурстарын айқындаумен маркетинг зерттеулер жүргізуді қалпыптастыру қажет және осы зерттеулер нәтижесінде мақта саласының даму стратегиясын жергілікті өңірдің ерекшелектерін, нарықтың өзгерістерін ескере отырып, қалыптастыруды қамтиды.

Агроөндірістік кешенді басқару жүйесін жетілдіру дегеніміз агроөнеркәсіптік өндіріс ошақтарының келешегіндегі басып бағыттарын, сыртқы макроортаның өзгерістерін есепке ала отырып,нарықтық қатынастардың даму барысын, әлемдік аренаға кіру барысына көңіл бөлінуі қажет.

Қазақстан өзінің дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша елу елдің қатарына кіру үшін өзінің стратегиясын белгіледі. Қазақстанның келешектегі даму белесіндегі басты басымдылық экономика екені айқындалды.

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр,өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымыздың мақсаты,негізгі бағыты: “біріншіден өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек ғана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық зкономикасы бола алады” - деді Н.Назарбаев [3].

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластерін дамытудың басты ерекшелігі бұл өсірілген мақтаның тек шикізат көзі ретінде экспортқа шығарылуын азайтып, осы өңірде өңделіп тауар болуын, мата мен дайын тоқыма киім болуын қамтамасыз ету. Қазақстандағы мақта саласын әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке қабілетті етуге бағытталады.

1. Мақта саласының маркетингтің сараптамасын жасау, сараптама негізінде мақта дақылын өсіретін шаруалардың жағдайын білу, тұтынушының сұранысына маркетингтік зерттеулер жүргізу, мақтаның сапасын арттыру болып саналады.

2. Қазақстандағы мақта өнімдерінің бәсекелестікке қабілетті ету үшін оны зерттейтін және сорттарын жетілдіре білу үшін, қазақстандық ғылыми - зерттеулер орталықтарын ашу қажет. Қазақстанның мақтасының сорттары , мақта өсіретін аймақтардың климаттық жағдайларына бейімдеу үшін ғылыми жұмыстары жүргізілуі және бұл зерттеулер үкімет тарапынан қаржыландырылуы тиіс.

3. Қазақстанның агроөндірістік кешендеріне шетелдік инвесторларды тарту қажет, тек мұнай, құрылыс саласы емес, ауылшаруашылығына инвестиция салуға міндеттеу керек. Бұл пікірді жүзеге асыру тек үкіметтің қолынынан ғана келеді.

4. Жергілікті мақта өсіруші фермерлердің бір-біріне тығыз байланысын нығайту, мақтаның баға саясатын бірге жүргізу. Қазіргі таңдағы жағдайда, фермерлер арасында бірлік жоқтықтан мақтаны сату барысында, бағалауда әр түрлі қиындықтарды азайту.

5. Қазақстандағы оның ішінде оңтүстік өңірінің суармалы жерлерінің құнарлылығын арттыру. Бұл үшін ауыспалы егісті қолға алу.

6. Жері өте аз 2-3 гектардан аспайтын шаруаларды бір шаруа қожалығына біріктіру. Жергілікті әкімшілікпен, шаруалардың өз қалауларымен жүзеге асуы тиіс.

7. Мақта өсірушілерге үкімет және жергілікті әкімшілік тарапынан қаржылай көмек көрсету, жеңілдетілген жанар- жағар майды алуды делдал фирмалар арқылы емес, тікелей май өңдеуші заводпен тікелей келісім- шартқа отыру.

8. Маркетолог маман өңірдің барлық ресурстарын(адам факторы, шаруа қожалықтары, шаруалардың техникалары, тасымалдау, мақта сортының сапасы, т.б.) факторларды зерттей отырып, шығыны ең аз жерлерге мақта жіп иіру, тоқыма өндірістерден ашуға ғылыми тұрдығыдан сараптамалар жүргізу.

Маркетинг негізінде бір тауардың өнімін ұйымдастыру үшін нарықтағы бұл тауар тұтынушының сұранысын бар ма, жоқпа, тауардың сатылу мүмкіндіктерін зерттеу қажет.

Ішкі( жұмыс күші, олқылық тұстары, мүмкіндіктер және тәуекел етулер) және сыртқы (саясат, экономика, әлеуметтік жағдайлар, технологиялар) факторларды анализ ретінде сарапталу қажет.

Агроөндірістік кешендегі кәсіпорындарды күрделі экономикалық жүйе ретінде қарастыра аламыз. Олардың құрылымдық бөлімдері өздеріне тән қызметтерді атқара отырып, өнімді соңғы тұтынушыға жеткізудің ортақ технологиялық үрдісіне қатысады.

Ауылшаруашылық кешендегі агромаркетинг қызметі - бұл маркетинг қағиадаларын мен әдістері негізінде әрекет ететін бір бөлімше.Оның құзырына кіретін қызметтер экономикалық жоспарлау, техника - өндірістік, зерттеушілік,өткізу мен валюта-қаржылық сипатындағы кешенді жұмыстарды шоғырландырып, оның қызметкерлерінің теоретикалық және практикалық дайындығының жоғарғы деңгейін талап етеді [4].

Маркетингтік басқарудыдағы жетілдіруді ғылым тұрғыдан саралау үшін

міндетті түрде мақта дақылының тұқымы себілгеннен бастап дайын өнім болуына дейінгі аралықтағы жұмыстардың оңтайлы ұйымдастырылуы нарықтық шарттар негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

• Мақта тұқымының бағасы, оның қолайлы мезгілде себілуі;

• Ауа –райын болжау арқылы оған қанша күннен кейін су берілуін анықтау;

• Мақта дақылын культивация жасау;

• Мақтаның ашылуы үшін қосымша химиялық өңдеулерді қарастыру;

• Мақта дақылының жетілу барысына лабораториялық зерттеу жүргізу;

• Пісіп жетілген мақтаны жинауды ұйымдастыру;

• Мақтаны өткізуді сатуды жүйелі түрде ұйымдастыру;

• Мақтаны шикізаттан дайын өнім текстиль-жіп өніміне айналдыру;

• Осы аралықтарды барлық шығындарды есептеу;

• Шығындардың азаюын қадағалау арқылы мақтаның өнімділігін арттыру.

Қазіргі таңда американдық маркетинг зерттеулер J.Е.Austin фирмасымен бірге Қазақстандағы маркетингтік – сараптамалық зерттеу орталығы ОҚО–ндағы мақта-текстиль кластерінің дамыту стратегиясын дайындады. Осы аналитикалық зерттеулерді негізге ала отырып, кластердің негізгі бағыты мақта дақылының тек шикізат ретінде экспортқа шығарылуы емес, дайын өнім шығаратын тоқыма өндірісін ашу және оны ары қарай жетілдіру.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450