Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3944 0 пікір 3 Желтоқсан, 2016 сағат 15:45

ОҚО-да жүгері өңдеу кәсіпорны ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тимур ауылдық округінде жүгеріні өңдейтін ірі кәсіпорын ашылды. Жобаның жалпы құны 619 млн теңгені құрайды. Кешеннің жалпы ауданы 5,8 га жерді қамтиды. 10 тоннаны құрайтын кешенде 50 адам жұмыс істейді.

Кешен ауданда жүгері кластерін дамыту үшін негіз болады. Шаруалар енді өз өнімін шығынсыз жинап, тиімді бағамен өткізе алатын болады. Сондай-ақ, келесі жылы астық көлемін арттыру мүмкіндігіне ие болады. Мамандардың айтуынша, кәсіпорын жүгеріні толық өңдеуді көздейді және Иран мен Қытайға экспортты ретке келтіріп, өнімнің 17 түрін шығаруды жоспарлап отыр. 

Орта Азия республикалары мен Қазақстанда жүгері тамақ өнімдеріне қажетті дән беретін және малға азық болатын аса құнды өсімдік. Ғалымдардың пайымдауынша, жүгері – планетамыздың ең ежелгі нан өсімдігі екен. Перу жеріне жүргізілген зерттеулер барысында б.з.д. бесінші мыңжылдыққа жататын жүгері собығының табылуы оның ең ежелгі өсімдік екендігіне дәлел бола алады. Археологтар 1950 жылы Мексика жеріндегі Рио-Гранда аңғарынан жүгерінің 750 дана собығын тауып алды. Алайда, табылған собықтар заманауи сорттардың қабығынан ерекшеленеді: көлемі аса үлкен емес, дәндері тым майда, үштен бір бөлігі ғана жапырақпен қапталған. Аталған олжа жүгері шаруашылығының тым ерте пайда болғандығына нұсқайды, ғалымдардың сөзімен айтсақ, адамдар жүгеріні осыдан 10 мың жыл бұрын танитын болған. Жүгерінің құрамында А, В, С, Е дәрумендері, фолацин, ниацин, тиамин, калий, магний, крахмал, протеин, қант, түрлі пайдалы майлар, аскорбин қышқылы және минералды тұздар бар.

Мол өнім беретін жүгері түрлерін өсіруді және өңдеуді еліміздің оңтүстігіндегі диқандар жақсы меңгеріп келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349