Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4533 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 13:09

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін агроөнеркәсіп кешенін және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Үкімет отырысында 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы мен Нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары таныстырылды.
«Екі бағдарлама да бір-бірімен байланысты. Егер де біз уақытша жұмыс орындарына (дағдарысқа қарсы шаралар аясында) екпін қойған болсақ, енді тек тұрақты жұмыс орындарына назар аударып отырмыз. Ең бастысы - жеке істі ашуға мүмкіндік беріліп, осы арқылы жұмыс орындарын құру ескеріледі. Осы орайда жауапты мемлекеттік органдар айқындалды, өкілеттілік өзара бөлінді», - деп атап өтті Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.
Бұл тұрғыда Үкімет басшысы өзінің орынбасарларына бағдарламалар аясындағы жұмыстарды бақылауға алуды тапсырды. «Жыл соңына дейін біз Үкіметтің тиісті шешімін қабылдау үшін 15 желтоқсанға қарай қос бағдарлама Кеңсеге енгізілуі қажет»,-деді Премьер-Министр.
Өз кезегінде Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетов аталған бағдарламаларды тиісті деңгейде насихаттау керектегін ұсынды.
Осы орайда бұл бағытта жұмыс істеп жүрген үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндігін пайдалану керек. «Елбасының тапсырмасына сәйкес, Нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін Үкіметтің жаңа бағдарламасының жобасын назарға ұсынып отырмыз. Бағдарламаның негізгі мақсатына тоқталатын болсақ, азаматтардың жұмысқа орналасуы немесе өзінің ісін ашу үшін қажетті кәсіби дағдыға жаппай оқыту мен үйрету көзделіп отыр.
Біз 2008 жылдан бастап жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асырып келеміз. Өздеріңізге белгілі, бұл бағдарламалардың негізгі бағыты әлемдік қаржы дағдарысы және оған жалғасқан экономикалық тұрақсыздық кезінде жұмыссыздар санын арттырмау болды»,-деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бағдарламаны таныстыру барысында. Оның сөзіне қарағанда, атқарылған шаралардың дені уақытша жұмысқа тарту, бос орындарға орналастыру, оқыту және белгіленген жұмыс берушіге қызметке орналастыруды ескерді. Әрине, бұл шаралардың бәрі дағдарысқа қарсы қадамдар ретінде өз нәтижесін берді. «Біз ең қиын кезеңде еңбек нарығының тұрақтылығын сақтап қалдық, бірақ бұл шаралар еңбек ресурстарының бәсекелестігін дамыта алған жоқ»,-деді министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282