Қызылкөлдегі ауыз су мәселесі шешімін табады
Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев, Құмкент, Қызылкөл ауылдарында болды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында ауыл тұрғындарымен кездесіп, қысқа отын су, мал азығы дайындығы барысын сұрады. Сондай-ақ, Құмкент ауылындағы Құмкент – Қызылкөл топтасқан су құбыры жұмысымен танысты. Топтасқан су құбырындағы су тазартқыш құрылғыны ауыстыру қажеттігін айтып, «Шолаққорған су» мекемесі басшысы Ғ. Нышынбаев тиісті тапсырма берді.
Сондай-ақ, Қызылкөл елді мекеніндегі су жүйесімен танысты. Қазіргі таңда елді мекенде ұңғы құдық қазылған, су құбырын қайта тарту жұмыстары жүргізілуді қажет етеді. Жұмыс барысын көзбен көрген аудан әкімі, тез арада бітуді қатаң тапсырды.
Жалпы Мақсат Исаев мұның алдында да аудандағы елді мекендерді арпалап, халықпен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдаған болатын. Тұрғындармен өткен кездесулер барысында тиісті тапсырмалар берілді. Өңірімізде облыс басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы бойынша жергілікті әкімдіктер халықтың талап-тілегіне құлақ асып, мәселелерді дер кезінде шешу үшін кездесулер, қабылдаулар өткізіп, халықтан түскен сауалдарға жауаптар беруде.
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жосапыраның 94 қадамындағы тапсырмаларды орындау мақсатында жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы бойынша мемлекеттік органдар ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз етуде.
Abai.kz