"Нұр Отандықтар" есеп берді
Есеп беруде дағдыланған елде тұрақтылық, жинақылық, сенім орнайды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықсыз орта қалыптасады. Елбасы өзінің "100 нақты қадам" Ұлт жосрапындағы 94-ші қадамында осы мәселесін көксеген болатын.
Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекет басшысыынң тапсырмасына сай "Ашық әкімдік" жобасы аясында басшылардың халық алдындағы есеп беру жиындарын тұрғындарға қолжетімді ете түсу үшін БАҚ беттері мен арнайы сайт, әлеуметтік желілерге жариялап отыруда.
Осы секілді Ордабасы аудандық әкімдігінің ресми сайты "Нұр Отан" партиясының Ордабасы аудандық филиалы саяси кеңесінде 2015-2016 жылдарға арналған есеп беру жиын өткізгенін хабарлап отыр. Онда күні бүгінге дейін атқарылған жұмыстар сараланып, келешектің жоспары түзілді.
Сондай-ақ, бұл күні аталмыш филиалдың саяси кеңесін сайлау конференциясы болып өтті. Мандат комиссиясы бастауыш партия ұйымдарынан аудандық конференцияға сайланған делегаттар жөніндегі хаттамаларын қарады. Талдай келе, сайланған делегаттардың Саяси кеңес Бюросының қаулысына толық сәйкес келетінін атап өтті.
Ал, облыстық филиалдың ХХІХ (29-шы) партия конференциясына барлығы 117 делегат сайланды. Олардың қатарында 1 аудан әкімі, саяси кеңестің 15 мүшесі мен 11 бастауыш партия ұйымының төрағалары бар. Қатысушылардың 35 пайызы нәзік жандылар болса, 95 пайызы - жоғары білімділер. Жиынды қорытындылаған жауапты мамандар сайланғандардың барлық өкілеттілігін толық, заңды деп есептеді.
Abai.kz