Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 16:32

Қазақстанда 165 ұйым ҮЕҰ үшін гранттар ұсынады

Қазақстанда 165 ұйым ҮЕҰ үшін гранттар ұсынады. Оның ішінде 53 – халықаралық ұйымдар, 31 – шетелдік мемлекеттік ұйымдар, 81 – шетелдік және қазақстандық ҮЕҰ «Гранттар ұсынатын халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар тізіміне» сәйкес жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар, қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарына қаржылық және материалдық-техникалық көмекті аталған тізімге енбеген шетелдік мемлекеттердің елшіліктері мен ұйымдары көрсетеді.

Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі бағыттары – бұл тәуелсіз БАҚ-ты қолдау (11%), экология (9%), азаматтық білім беру (9%), мақтатты топтардың құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілету (9%), тиімді басқару саласындағы бастамалар (9%), халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қорғау (9%). 

Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың еліміздегі азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастығы негізінен Астанада (11%), Алматыда (11%), Алматы облысында (11%) және Ақмола облысында (8%) жүргізіледі. Минимальное количество – в ЗКО Батыс Қазақстанда (3%), Ақтобе (3%) және Қостанай облыстарында ең аз ықпалдастық көрсеткіші байқалады. 
Белсенді шетелдік ұйымдар қатарына халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі (USAID), «Сорос-Казахстан» қоры, «Фридом Хаус», Демократияны қолдау ұлттық қоры (NED).

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404