Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5054 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 12:34

«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті

«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізді.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысты.

Республикалық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тақырыптар бойынша көрсетті:

1) Ел бірлігі туралы;

2) Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туралы;

3) Тілдің Қазақстан халқын топтастырудағы маңызды рөлі туралы;

4) Мәңгілік ел идеясы туралы.

Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын халық өнері шеберлерінен, қоғам қайраткерлерінен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен  құрылған қазылар алқасы  бағалап, анықтады. Оларды диплом, алғысхаттар және ірі көлемдегі ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен Бас жүлдені жеңіп алған  Уатқан Шаттық (Алматы қаласы) 300 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1-орынды иеленген  Есназар Эльвира (Солтүстік Қазақстан облысы) 250 000 теңгені, 2-орынды иеленген Оразов Фархат (Батыс Қазақстан облысы) 150 000 теңгені,  3-орынды иеленген Баймырза Зульфия (Астана қаласы) мен Төлебай Жарасқан (Қызылорда облысы)  100 000 мың теңгені қанжығасына байлады.  Байқауға белсене қатысқан үміткерлерге алғысхаттар мен ақшалай сыйақы табысталды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394