Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2540 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 11:48

Сарыағашта жемқорлық деректері азайып келеді

Президент Н.Назарбаевтың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 94-ші қадамы "ашық үкіметті" енгізуге бағытталған болатын. Елбасының бұйрығын алғаш болып жүзеге асырған Оңтсүтік Қазақстан облысы "Ашық әкімдік" жүйесіне көшіп, халыққа жаңа форматта қызмет көрсетуде. "Ашық әкімдік" жобасының басты мақсаты - қоғамдағы дендеп кеткен, елдің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның тамырына балта шабу.

Осы мақсатта қазір облыста бірқатар әкімшілік мамандары мен мектеп директорлары ашық конкурс арқылы тағайындалып жатқаны игі бастамалардың бірі болды.  Бұдан бөлек әр өңірде жемқорлықтың алдын алу үшін түрлі жиындар мен басқосулар өткізілуде.

Осындай жиындардың бірі Сарыағаш ауданында да өтті.  Ассамблея мүшелерімен өткен жиында  жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жолдары сөз болды. Курортты мекенді бүгінде 10-нан астам ұлт өкілі мекен етеді.

Бәрінің бірлігі бекем, тірлігі тындырымды. Мәңгілік ел болуды көксеген халықтың қоғам дертіне айналған жемқорлықтың жолын кесуде атқарған жұмыстары да ауқымды. Жиында сондай-ақ, ұлт көшбасшысы меңзеген сара саясаттың үдесінен шығып, халыққа қызмет етудің тиімді тәсілдері ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғам мүшелерінің ортақ міндеті айтылды. Алқалы жиында белгілі болғандай, соңғы уақытта Сарыағаш жерінде сыбайлас жемқорлық деректері кеміген. Бұл іске жергілікті билік пен нұротандықтар мейлінше ықпал етіп келеді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434