Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 2974 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 12:51

Оңтүстікте алма бағы жайқалып келеді

«Ауыл шарауашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қолдауымен «Агрбизнес – 2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жылдан бері қор оңтүстік аймақта алма бағын қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асырып келеді.


«Ауыл шарауашылығын қаржылай қолдау қоры» – «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің еншілес компаниясы. 2005 жылдан бері шағын несие берумен айналысып келе жатқан қор бүгінде мемлекеттік бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығын шағын несиемен қамтамасыз етуші негізгі оператор. Ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы өнді-рушілерін қаржыландыру көлемі жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі таңда оңтүстіктегі шаруа қожалықтар осы қордың көмегімен несие рәсімдеп, өздерінің жеке кісіптерін дөңгелетіп отыр.

Осы орайда Оңтүстік қазақстанда алма отырғызумени айналыстан жеке ксіпкерлер алма бақтарының көлемін жылдан жылға ұлғайтып келеді. Бұл бақтардың ерекшелігі – заманауи технологияларды пайдалану, көшеттің жаңа сұрыбын отырғызу, тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы шығынды азайту. Осымен екінші жыл өнім алынып отыр. Мұндай кешеннің жалпы аумағы – 55-70 гектардан артық.

Мұнда сумен қамтамасыз ету, суару, тыңайтқыш жеткізу және тағы басқа мәселелер бірыңғай жүйеге енгізілген. Кешен 5 гектардан бөлінген, сондықтан шағын шаруашылықтар болып есептеледі. Сол себепті, бұл жобаны отбасылық деп атауға да болады.

Өткен жылы қор Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жалпы аумағы 150 гектарға тең үш жобаны 1 миллиард 612 миллион теңгеге қаржыландырды. Осы ауылдардағы 30 отбасы лизинг алды. Биыл 200 гектар аумақты қамтитын 3 жоба іске асырылып жатыр. Қаржыландырудың жалпы сомасы – 2 миллиард 868 милиион теңге.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467