Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3195 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 12:42

Ауыл шаруашылығы кооперативтері ешқашан көптік етпейді

Бүгінде жекеменшік отбасылық шаруашылықтардың мал өнімдерінің өндірісін арттыру, жерді игеру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында мемлекетімізде бірқатар бағдарламалар жасалуда. Осыған орай елді мекендер мен әр ауылдық округте мал бордақылау алаңдары мен ауылдық өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу міндеті қойылып отыр. Бұл міндет Оңтүстк Қазақстан облысы Мақтарал ауданында айналып өтпеді. Аталмыш өңірде жыл өткен сайын жерді еміп, жердің игілігін көретін ауыл шаруашылығы кооперативтері көбейіп келеді.


Мәселен Мақтарал ауданында 2016 жылы жалпы 9 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашуды ұйымдастыру тапсырмасы беріліп, ағымдағы жылдың 9 айында Қазыбек би ауылдық округінен «Береке Мақта» АӨК (төрағасы Құрбанов Мурат) және Мақтарал ауылдық округінен «Атакент мақта» АӨК (төрағасы Люк Сергей) және Еңбекші ауылдық округінен «Жасыл ел 2050» АӨК (төрағасы Джандаров Досымбек) және Жылы су ауылдық округінен «Баққоныс-Аққу 2020» АӨК (төрағасы Мусурманов Бахадур) және Бірлік ауылдық округінен «Серпін Агро» АӨК (төрағасы Қожабеков Артық) және Мақтарал ауылдық округінен «Нұр-су» АӨК (Орушов Мансур) және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінен «Бірлік-2015» АӨК (Исмайлов Төлеубек) және Достық ауылдық округінен «Үміт-М.Б» АӨК (Сулейменов Улықбек) және Жылы су ауылдық округінен «Ақтолқын Саят 2030» АӨК (Нарбаев Бауыржан) және Мақталы ауылдық округінен «Мақталы Береке Нур» АӨК (Мухымбаев Мурат) деп аталатын жалпы 10 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері ашылып отыр. Осыған орай алдағы уақытта бұл өңірде ауыл шаруашылығы саласы тіпті дами түседі деп күтілуде. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485