Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Рух 2677 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 11:05

ПЕТЕРБОРДА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНҒА ЕСКЕРТКІШ АШЫЛАДЫ

Бүгін Ресейдің Сант-Петербор қаласында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға ескерткіш ашылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қатысады деп жоспарланған.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Санкт-Петерборда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,  Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады.  

Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА шаралары өтеді деп жоспарланған.  

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм  мәселелері де назардан тыс қалмайды.   

Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.  

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2280
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3937