Шаруалар кооперативтерге бірігудің тиімділігін көре бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіпкешенің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында «Сыбаға» бағдарламасымен 24,0 мың бас аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 75,1 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 19,9 % жетті (республика бойынша 29,5%). Сонымен қатар, «Алтын асық» бағдарламасымен 35,2 мың бас қой сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 211,7 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 12,3% жетсе, ал «Құлан» бағдарламасы аясында 3,5 мың бас жылқы алынып отыр.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында кооперативтерді құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Кооперативтерге бірігудің тиімділігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізудегі барлық іс-шараларды мерзімінде жүргізіп, өнім көлемін еселеп арттыруға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде бүгінгі күні жаңадан 8,0 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 81 кооперативтер құрылды.
Алдағы уақытта 2016 – 2017 ж.ж. барлық ауылдық округтерде кооперативтерді құрып, жүйелі жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні облыста қайта өңдеу саласында 198 кәсіпорындар бар. Олардың 27 ірі кәсіпорындар санатына жатады.
Оңтүстік шаруаларының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 128,7 млрд.тг құрап, өткен жылдан 15,2 млрд.тг артып, нақты көлем индексі 104,6 % жетті.
Abai.kz