Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2558 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 13:12

Облыс тұрғындары "Серпін-2050" бағдарламасына қатысты сұрақтар жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспарын ұсынды. Бұл жоспарда Қазақстанды үздік 30 ел қатарына қосу жолында не істеу керектігі жан-жақты айтылған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-інші қадамында айтылған «Ашық үкіметті» енгізу тапсырмасына сәйкес «Ашық әкімдік» жобасы аясында жүзеге асуда. «Ашық әкімдікті» ең бірінші Оңтүстік Қазақстан облысы іске асыра бастады. Кез-келген тұрғын ОҚО әкімдігің сайтына кіріп, онлайн-конференция деген тетікті басып, көкейінде жүрген сауалдарын қоюға болады. Осының арқасында көптеген облыс тұрғындары өз сауалдарына жауап алды.

Бір тұрғын: «Бұқаралық ақпарат құралдары солтүстік аймақтарда оңтүстіктер үшін тегін жоғары білім алу мүмкіндігі бар екендігі көп жазды. Сол туралы түсіндіріп берсеңіз?» деп сауал жолдапты. Оған ОҚО әкімдігінің арнайы мамандары: 2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында «Серпін-2050» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарламаның мақсаты – жастардың ішкі миграциясын қалыптастыру, оңтүстік аймақтардағы жастарды Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуды қамтамасыз ету.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен жастар жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі. 2016 жылға солтүстік аймақтардағы (Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстары) 22 жоғары оқу орынына 3162 республикалық грант, 30 колледждерге 1000 грант бөлінген болатын.

Ағымдағы жылғы 23-31 шілде аралығында 22 жоғар оқу орындарының өкілдері М.Әуезов атындағы ОҚМУ «А» оқу корпусында талапкерлерден құжат қабылдау жүргізіп, нәтижесінде 1-ші таңдау құқығы бойынша 3742 талапкер құжат тапсырса, барлық 4 таңдау құқығы бойынша 8 897 талапкер құжат тапсырды. Оның ішінде техникалық мамандықтарға (грант саны – 1717) – 4175 (бір орынға – 2,4), педагогикалық мамандықтарға (грант саны – 1000) – 2491 (бір орынға – 2,4), ауылшаруашылығы мамандықтарына (грант саны – 345) – 1207 (бір орынға – 3,4), медицина мамандығына (грант саны – 100) – 1024 (бір орынға – 10,2). Конкурстың қорытындысы ағымдағы жылғы 30 тамызға дейін шығарылатын болады» деп жауап берген. Егер сіздің де көкейіңізде сауал жүрген болса, ОҚО әкімдігінің сайтына кіріп, жолдаңыз. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5514