Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4544 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 13:10

Электронды журнал қолға алынады

Елбасы тапсырмасымен тікелей жүзеге асқан «Ашық әкімдік» жобасы аясында көптеген заңсыздықтарға тосқауыл қойылады. Оңтүстік Қазақстан облысында республика бойынша тұңғыш рет «Smart Ontustik» бағдарламасы қолға алынбақ. «Smart Ontustik» – ақпараттық жүйенiң көмегiмен халыққа көрсетiлетiн қызметтiң барлық түрiн бақылау. 

 «Smart Ontustik» бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес инсти­туционалды реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының тапсырмасы аясында қолға алынуда. Мәселен, 94-қадамда «Ашық Үкiметтi» енгiзу және азамат­тардың ақпаратқа қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету көзделген. Осы шаралар нәтижесiнде мемлекеттiк басқаруда қоғамның қатысуына қол жеткiзiлетiн болады.
Мамандардың мәлiмдеуiнше, «Smart Ontustik» бағдарламасының концепциясы жасалынып, жуырда жүзеге асыру жоспарлануда. Ақпараттық технология бiлiм беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары, ауылшаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы, жол қауiпсiздiгi салаларына енгiзiледi.

Егер мектепте парақорлық орын алса, онда бұл білім сапасына әсер етеді. Оңтсүтік өңірінде мыңнан астам мектеп бар. Ал облыстық бiлiм беру басқармасына әр мектептiң жұмысын жiтi бақылау оңай емес. Жаңа ақпараттық технологияның арқасында бiлiм басқармасына 600 мыңға жуық оқушының бiлiм сапасын қадағалауға мүмкiндiк тумақ. Бұл ата-анаға да баласының сабағын, мұғалiмiнiң жұмысын бақылауына жол ашады.
Бағдарлама бойынша оқушы­лар­дың үлгерiм журналы элек­тронды нұсқаға ауысады. Оқыту­шының журналға қойған бағасы ортақ мәлiметтер базасына келiп түседi. Базаға тiркелген бағаны түзету мүмкiн емес.

Осылайша, әрбiр оқушының үлгерiмi арқылы бүкiл мектептiң күндiк, апталық, тоқсандық, жылдық қорытынды есебi шығарылады. Осының нәтижесiнде аудандар мен қалалардағы бiлiм сапасының күшейгенi немесе әлсiрегенi анықталады. Қазіргі таңда бұл жоба бірнеше мектепте тәжірибеден өтуде. Егер оң нәтиже берсе, онда бүкіл облыста жүзеге асады. Осылайша, ата-аналар ақпаратқа қол жетімділікті, жариялықты көздейтін «Ашық әкімдік» жобасы аясында баласының мектепте қалай оқып жүргенін онлайн түрде біле алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502