Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарихтың бір күні 5225 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 12:37

СҰЛТАНОВ СҰРАДЫ, КОСАРЕВ ҚОЛДАДЫ

Жұрт есінде ерекше бастамаларымен көрініп жүрген Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астананың атауын өзгертуді ұсынды. Бұл туралы «Tengrinews.kz» тілшісі хабарлайды. Дәлірек айтсақ, депутат ендігі жылы ЭКСПО өтетін Елорданы Елбасының есімімен байланыстыратын атау керектігін алға тартып отыр. Хошында, Қуаныш ата Сұлтановтың сөзі әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келетін туристерге Астананын айрықша аталғаны қажет болса керек-ті.

Астананы Назарбаев есімімен байланыстыру – Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ең ұтқыр ұсыныс болды. Бұл жолы Қуаныш Сұлтанов бірден үш ұсыныс жасапты.

Оның біріншісі Елордада «Тәуелсіздік монументін» орнату.  «Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз мәңгі есте қалуы керек. Сондықтан да Елордада "Тәуелсіз Қазақстан" монументін орнату керек»,-дейді Сұлтанов.

Екіншісі, Конституцияда Елбасының есімін ерекше атап көрсету керек екен. Таратып айтар болсақ, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті әм оның Мемлекетімізді, соның ішінде Елорданы салуға қосқан үлесі үшін Конституцияда аты аталуы керек. Бұл - депутат Сұлтановтың соңғы сөзі емес. Сондай-ақ, «Елбасының есімін Елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарда көрсетуді ұсынамын»,-дейді депутат.   

Елорданың атауын өзгерту мәселесі бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген-ді. Әсіресе, 2013 жылы Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев Астананы – "Нұрсұлтан" деп өзгерту керек деген ұсыныс білдірген. Алайда ол кезде академиктің ұсынысы қолдау таппаған болатын.

Одан сәл ертеректе Әзірбайжан елшісі Астананы «Сұлтан-Ата» деп атауды ұсынған. Ол 2009 жылы болған.


Ал осы жолы Қуаныш Сұлтановтың сарабдал саясаты үшін Елбасының есімін ерекше ұлықтау туралы бастамасын сексеннен секіріп өткен коммунист-депутат Владислав Косарев те қолдапты.

Тағы бір депутат Ирина Аронова Елбасының есімін Констуитуцияға кіргізуді қос қолдап қолдайтындығын  білдірген.

«Егер Елбасының есімі Конституцияда анық көрініс табатын болса – бұл әділетті болар еді»,-дейді депутат Аронова.

Айта кетейік, депутаттар декларация қабылдап жатыр. Ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Қос палатаның бірлескен отырысында 107 депутаттың 104-і қатысты. Олардың 47-і Сенаттан келгендер. Сондай-ақ, Үкімет басшысы, Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігі, Конституциялық кеңес пен Жоғарғы сот, Орталық сайлау комиссиясы басшылары да аталған жиынға сақадай сай болып келіпті.  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517