Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2298 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 15:32

Оңтүстіктің шаруалары ерледі

Шымкентте өткен «AgriTek Shymkent’2016» көрмесі агроөнеркәсiп кешенi мамандарының өзара тәжiрибе алмасып, жаңа технологиялармен бөлiсу, сонымен қатар, бiрлескен бизнес-жобаларды құру мақсатында ұйымдастырылған-ды.

Аталмыш көрмеге қатысушылардың бiрi Ордабасы ауданындағы Бадам елдi мекенiндегi «Александровский сад» ЖШС-нiң директоры Бақтияр Тағаев 20 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын пайдалану арқылы қарқынды алма бау өсiруде. Айтуынша, үстiнен күн сәулесiн өткiзбейтiн торларды пайдаланып, алманың түр-түрiнен бөлек, сары өрiк, қара өрiк, шабдалы, шие тәрiздi жемiстер өсiруде. Кәсiпкердің айтуынша мұндай көрменiң берер пайдасы көп, «өзiмiздi халыққа таныту, сондай-ақ, бiрге жұмыс iстеуге әзiр серiктестер табуға мол мүмкіндік» дейді.

Ал, жетiсайлық кәсiпкер Ерлiк Сәдiбеков көрмеге алма көшеттерiн және алма, алмұрт, жүзiмнiң ерекше төрт түрiн алып келiптi. Жүзiм көшеттерi Италиядан сатып алынған екен. Оңтүстiктiң ауа райы оларға өте қолайлы болып, өнiмдi жақсы берiптi. Алмұрттың «абата» деп аталатын түрi Голландиядан алып келген көшеттен шығыпты. «Қазақстанда бұл көшет тек бiзде ғана бар» дейдi Ерлiк.

– Облыста ауылшаруашылығы саласының жақсы жетiстiктері  жетерлiк. Дегенмен, ендi бiз сапаға көшуiмiз керек. Соңғы кездерi бiз мақтаның өнiмдiлiгiн 26-27 центнерде ұстап отырмыз. Оған жаңа техника мен технологияларды енгiзудiң арқасында жетiп отырмыз. Қазiргi таңда мақтаның 65 пайызын комбайнмен терудемiз. Бұл жағынан алғанда көршi елдермен салыстырғанда әлдеқайда озық тұрмыз. Биылдың өзiнде 2,5 млн. тоннадай көкөнiс пен бақша дақылдарын өсiрдiк. 200 мың тоннадай жемiс-жидек пен жүзiм жинадық. Бүгiнгi таңда бұл да үлкен жетiстiк. Облысты көкөнiспен толық қамтамасыз етiп отырмыз. Әрине, келешектегi мақсатымыз –оларды экспортқа шығару. Ал, осындай көрмеде шаруалар өнiмдiлiктi арттыруға көмектесетiн жаңа техникалармен танысады, – дейдi облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серiк Тұрбеков.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543