Универсиадаға Чехиядан 127 өкілі бар делегация қатысады
Алматыда 2017 жылы өтетін Универсиадаға Чехия Республикасының 127 өкілі бар делегациясы қатысады. Бұл туралы «Абай ақпарат» Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралек пен және осы елдің өңірлік даму министрі Карл а Шлехт овпен кездесті.
Тараптар сауда- экономикалық және мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Алматы әкімі Алматы мен Чехи я арасындағы сауда байланысы үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде 76,3 млн. АҚШ долларына артқанын, мегаполисте біріккен 40 және чехтың капиталымен жұмыс істейтін 24 кәсіпорынның тіркелгендігін айтты.
Өзінің сөзінде Б.Байбек 2015 жылы Қазақстан әлемнің 35 елі үшін визасыз режимді енгізгенін, 2017 жылы оның 56 мемлекетке жететінін хабарлады.
«Алматы еліміздің барлық туристік қызметінің 60% -ын қамтамасыз етеді. Мұнда әлемдегі биік тау шатқалындағы «Медеу» мұз айдыны, маусымына 120 мың адам кеелетін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты бар, әрбір екінші шетелдік турист Алматыға келеді. Өткен жылы Алматыда Чехияның 1,5 мың азаматы болды. Келер жылдың басында 28-ші Қысқы Универсиада өтеді, оған құрамында 127 адам бар Чехия делегациясы да қатысады, олардың 78 атлеттер», - деді Б.Байбек.
Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралек екі ел бизнесмендеренің түрлі салалар бойынша өзара байланыстарының артып келе жатқанын сөз етті.
«Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстанның зор елеулі табыстарға жеткені таңдандырады. Мемлекеттің экономикалық және саяси жағынан тұрақты болуы бизнес үшін өте маңызды. Сондықтан біз сіздермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ынталымыз», - деді Л.Заоралек.
Чехияның өңірлік даму министрі Карла Шлехтов өзінің сөзінде Қазақстанның солтүстігіне барған сапарларында темпрератураның күрт төмендегенін, өзгелермен салыстырғанда Алматының өте әсем қала екендігін ерекше атап өтті. Министр ханым Алматының туристік потенциалының жоғары екенін, қалаға Чехиядан кеелетін туристер санының жыл сайын арта түсетінін айтты.
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz