Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4135 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:33

Жүгері егуде Отырар ауданы озық шықты

Қазір еліміздегі әр облыс, әр аудан жиын-терін жұмыстарын тәмамдап, қорытындыларын шығаруда. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жақында «Алтын күз» мерекесін өткізіп, сонда жүгері егіп, одан өнім алуда отырар ауданының жоғары көрсеткішке ие болғанын жариялады.

Отырар ауданының табиғаты, топырағы жүгері егуге өте ыңғайлы. Жүгері жылуды сүйетін өсімдік, жақсы бапталған жүгері басқа дақылдармен салыстырғанда өте мол өнім береді. Биылғы жылы Отырар ауданында «Asia Agro Grop» ауылшарушалығы өнімдері корпорациясы жүгері егіп, көл-көсір нім алды. Сондай-ақ «отырар дән» шаруа қожалығы да жүгеріден пайда көрді.

Былтырғы жылы Отырар ауданында жылдық қуаттылығы 10 мың тоннаны құрайтын жүгері сақтау және кептіру кешені іске қосылған болатын. Жалпы құны 450 миллион теңге болатын кәсіпорын бүгінде тәп-тәуір кәдеге жарады.

«Ауданда жүгері дақылын 1990 жылдардағы көлемге жеткізу және жүгері кластерін дамыту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, 2020 жылға дейін жүгері алқабын 15 мың гектарға жеткізу жөніндегі іс-шара жоспары бекітілген» дейді аудан басшылары. Биыл отырар ауданы бойынша 7,5 мың гектар жерге жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүгері егілді. Былтыр бой көтерген кешен алдағы уақытта 10 мың тоннаға дейін өнім қабылдауға әзір. Бұл ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жасалған жағдай», – деді аудан әкімі. Кәсіпорын басшысының айтуынша, бұл кешеннің ашылуы жүгері кластерін дамытуға негіз болмақ. Себебі, бұрындары дихандар жинаған өнімін кептіре алмай, алажаздай еткен еңбегі зая кететін. Енді шаруаларға өнімдерін ысырапсыз жинап алуына мүмкіндік туып отыр. Мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. Кешеннің өніміне сұраныс артып, шикізат көбейсе, болашақта жұмыс қуаттылығы бұдан әрі артпақ. 

-->
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536